
Академиялық лицей педагогтарына «педагог — модератор» біліктілік санаты берілді
29.08.2024
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасын іске асыру мақсатында 8-11 сынып оқушыларына арналған профилактикалық іс-шараға қатнеу.
15.09.2024Қостанай қаласының академиялық лицейінде де жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды! Біздің мектеп аспанында жаңа жұлдыздар пайда болды — бұл біздің бірінші сынып оқушылары! Ең әдемі, ең перспективті және үлкен үміт күттіретін оқушылар. Жаңа оқу жылына құттықтау сөздерін мектеп директоры Нұрманова Ботагөз Жаңабылқызы айтты. 1-сынып ата-аналар атынан Казаева Екатерина Сергеевна мен 11-сынып ата — анасы Шишканова Марина Геннадьевна құттықтау сөздеріy айтты. Мектеп түлектері Шишканов Никита мен Шағатаева Ясмина және бірінші сынып оқушылары Кострова Полина мен Шунаев Таирге алғашқы қоңырау шалу құқығы берілді.
Баршаңызды Білім күнімен құттықтаймыз! Алда көптеген қызықты нәрселер күтіп тұр, әр сабақ жаңалық ашсын, ал оқу жылы сәтті болсын. Мұғалімдер ғылымның құпияларын түсінуге көмектессін, ал жарқын да дарынды балалар өздерінің таланттарын айқын көрсете білсін. Қыркүйек айындағы ең маңызды күндердің бірі толқумен, күлімсіреумен, жаңалықты күту қуанышымен есте қалуын тілейміз. Күш, еңбекқорлық, шыдамдылық, сәттілік тілейміз!